Қаңтардың 12-і күні Меккедегі қажылық сапарынан еліне оралып жатқан кезде жол апатында қаза тапқан 22 қырғыздың бәрі Сауд Арабиясында жерленеді. Бұл туралы Қырғызстанның діни мәселелері жөніндегі мемлекеттік агенттігінің басшысы Жолборс Жоробеков хабарлады. Оның айтуынша, жол апатында қаза тапқан кісілердің туыстары бұған өз келісімдерін берген. Ал ол апаттан жарақат алған 17 қырғыз азаматы бүгін еліне оралады деп хабарланды.