Ирақтағы шабуылдардан кемінде 70 адам қаза тапты

Ирақтан келіп түскен хабарларға қарағанда, соңғы тәулікте елде орын алған шабуылдардан кемінде 26 адам қаза тауып, шамамен 50 адамның мәйіттері табылған. Ал Ирақ Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, елдің қауіпсіздік күштері кемінде 82 соғысушыны қамауға алған. Олардың арасында “Әл-Қаида” ұйымына қатысты адамдар да бар деп айтылды.