Ираққа қосымша АҚШ сарбаздары келді

Президент Джордж Буштың Ираққа қатысты жаңа стратегиясына сәйкес, Ираққа қосымша АҚШ жауынгерлері келді. Бұл туралы Ирақтағы АҚШ әскерінің қолбасшысы Джордж Кэйси хабарлады. Бірақ ол Ираққа нақты қанша сарбаз келгендігі жөнінде ешнәрсе айтпады. Жоспар бойынша, Ираққа қосымша 21,500 әскер жіберіледі делінген болатын.