Әзірбайжанда түрмеге жабылған оппозициялық веб парақшасының редакторы бостандыққа шықты

Атап айтқанда елде энергия бағасының күрт өсуін сынағаны үшін журналист Бахтияр Хаджиев астана аудандық сотының шешімімен кеше 12 күнге қамалды, деп бұдан бұрын хабар таратылған болатын. Ол дүйсенбі күні босатылды. Өткен аптада үкімет шешімімен елде бензин бағасы және үй жағдайында тұтынатын электр қуаты бағасы қымбаттаған болатын.