Ирақта адам шығыны жалғасып жатыр

Ирақ солтүстігінде Киркөк қаласында полиция бөлімшесінде бомба жарылды, жеті адам қаза тапты, олардың төртеуі - полиция офицері. Бағдад солтүстігінде миналар атқыланды, бір әйел өлтірілді, он адам жарақат алды. Кеше Бағдадта екі бомба шабуылынан 70 адам өлтірілген болатын.