Мұндай бірлескен барлау орталығы Ауғанстанда бүлікші-жаугерлердің әрекеттеріне қарсы тұру үшін құрылмақ. НАТО қолбасшылығы өкілінің айтуынша, 10 күннің ішінде орталық Кабул қаласында орналасады. Шекарадан жаугерлер өтеді деген айыптауларға байланысты Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынас күрделене түскен.