Стамбулда белгілі журналистің өлтірілуіне байланысты наразылық шерулері болып өтті

Бұл шерулерге мыңдаған адам қатысқан. Әзірге журналистің өлтірілуіне қатысы бар деген күдікпен үш адам тұтқындалған. Түркиялық армян журналисі Грант Динк жұма күні редакция ғимараты алдында атып өлтірілген. Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған бұл қылмыс елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікке қарсы жасалған әрекет, қастандық жасаған қылмыскерлер табылып, жазалансын деп атап көрсетті. "Агос" газетінің редакторы 53 жасар Динк Осман империясы кезінде армяндарға қарсы геноцид жасалғаны туралы жазған мақалалары үшін бірнеше рет сотқа да тартылған болатын. Халықаралық қауымдастық журналистің өлтірілуін айыптады.