Қазақстанда ұйымдасқан қылмысты ашу көрсеткіші 18 пайызға төмендеген. Соның кесірінен әлі күнге дейін 20 ұйымдасқан қылмыстық топ тіркеуде тұр. Бұл туралы Астанада қаңтардың 19 күні Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында Қазақстанның бас прокуроры Рәшид Түсіпбеков хабарлады. Ал, ішкі істер министрі Бауыржан Мұхаметжановтың айтуынша ұйымдасқан қылмыс бойынша негізгі себеп кәсіби қызметкерлер аздығында. Саладағы реформалар және заң өзгерістерінің кесірінен тәжірибелі қызметкерлер органдардан кетіп қалған, дейді ол.
Бас прокурор Рәшид Түсіпбековтың айтуынша ұйымдасқан қылмыс топтарымен жасалған қылмысты ашу көрсеткіші 18 пайызға ал бандыларда 50 пайызға төмендеген. Нәтижесінде әлі күнге дейін 20-дан астам ұйымдасқан қылмыстық топ тіркеуде тұр.
Ал, ішкі істер министрі Бауыржан Мұхаметжановтың айтуынша ұйымдасқан қылмыс бойынша негізгі себеп қызметкерлер кәсіптілігінің аздығында. Қажетті тыңшылық жұмыс жоқтығында. Саладағы реформалар және заң өзгерістерінің кесірінен тәжірибелі қызметкерлердің көбі органдардан кетіп қалған, дейді ол.
Премьер Кәрім Мәсімов болса алдымен қылмыспен емес оның алдын алумен күресу керек деген тапсырма берді. «Бюджеттен бөлінетін қаржыда бірінші кезекте осы жұмысқа бөлінеді. Өйткені бұл мемлекет үшін кейін арзанға түседі», деді премьер. Бірақ, ішкі істер министрі ақша сұрағанда қылмыс азаяды деп кепілдік беру керек, деді Мәсімов.
Ал, қылмыскерлердің қатарында осы құбылыспен күресуге жауапты адамдарда бар деп хабарланады. Министрлік мәліметінше 2006 жылы полиция қызметкерлеріне қарсы 26 қылмысты іс қозғалған. Оның сыртында жол полиция қызметкерлері арасынан 21 адам пара алғандығы анықталды. Ал прокуратура мәліметінше 2006 жылы 200-ден астам полиция қызметкері жемқорлыққа қатысқан. Және министрліктің 27 қызметкері есірткі бизнесіне өздері қатысқан деп хабарланады. Ал, бас прокурор Рәшид Түсіпбековтың мәліметінше полиция қызметкерлері күдіктілерге күш көрсетіп психикалық қысым жасап келеді. Бұл жөнінде прокуратура министрлік қызметкерлеріне 7 мың ескерту жасады. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Берік Имашевтің мәліметінше 12 мың ұрлықтың тек жартысы ашылған. Көшедегі қылмыстар бойынша Қазақстан тұрғындары ең көп шоғырланған Оңтүстік Қазақстан облыстарында қылмыс алдағы жылмен салыстырғанда 8 пайыздан 60 пайызға дейін өскен, дейді ол. Және есірткі бизнесімен күрес тиімсіз жүргізіледі, дейді Имашев. Өйткені елге енгізілетін есірткі 20-дан 25 тонаға дейін өскен, бірақ героин тек 2 пайыз, деді ол. Күштің көбі есірткі тұтынушылармен күресуге жұмсалады. Сондықтан ұйымдасқан есірткі бизнес көрсеткіштері жалпы есірткі қылмыстарының 1 пайызынан аз болып шыққан, дейді Имашев.
Ал ішкі істер министрі Бауыржан Мұхаметжановтың айтуынша бұл есірткі Қазақстанда өндірілмейді. Ол шет елдерден енгізіледі. Ал шекарадағы кеден территориясында полицияға жұмыс істеуге рұқсат етілмейді, деді ол.
Премьер Кәрім Мәсімов болса, есірткімен күрес тәсілі өзгертілу керек, деген тапсырма берді. «Қазақстанды есірткіден мүлде тазартамыз. Әлемде мұндай елдер бар». деді ол.
Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Берік Имашевтің мәліметінше бұзақылықпен күрес тиімсіз жүргізіледі. Ал бұл саладағы жұмыс нашар жүргізілсе жалпы қылмыстық ахуалға әсер етеді, деді ол. Ішкі істер министрінің орынбасары Әлік Ішпекбаев болса қылмыстың алдын алу үшін тұрғындардан қару сатып алуды ұсынды.