Ауғанстанда 11 жанкешті бомба шабуылшысы тұтқындалған

Кандағар қаласының билігі өткен аптаның өзінде жанкештілік әрекеттерге бармақшы болған 11 адамды ұстағандарын, олардың екеуі пәкістандық екенін айтқан. Бұл турасында Кандағар барлау қызметінің басшысы Абдул Қайум хабарлаған. Осы провинцияда НАТО әскерлерінің көліктерінде бомба жарылған, зардап шеккендер жоқ, ал жұма күні Урузган провинциясында осындай шабуылда бес әскер жарақат алған.