Ауған президенті Хамид Қарзай өз еліндегі көтерілісшілерді көрші Пәкістандағы нақты орталар қолдауда деп мәлімдеді

Парламент жаңа сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Қарзай мырза есірткі саудасы мен ел үкіметі қатарындағы коррупция әрекеттері жағдайды одан әрі күрделендіре түсуде, деді. Бұл үдерістер келер жылы одан әрі өрші түсуі мүмкін дей келіп ол, ұлттық мүдделерді қорғауда халықты бірігуге шақырды.