Бағдадтағы екі жарылыстан шамамен 50 адам құрбан болды

Бүгін Бағдадтың орталығында екі бомба жарылып, шамамен 50 адам қаза тапты. Жарылыстың екеуі де Ирақ астанасындағы бір базарда орын алған. Ал сенбі және жексенбі күндері Ирақта орын алған түрлі шабуылдардан кемінде 24 АҚШ сарбазы қаза тапқан болатын.