Қырғызстан заң шығарушылары президент Бакиевтің ұсынысымен Куловты қайтадан үкіметбасшысы етіп тағайындау жөніндегі шешімге дауыс беру мәселесін қаңтардың 25-іне дейін қоя тұрмақшы. Кеше конституциялық комитет президенттің бір адамды бір қызметке екі рет ұсынуға хұқы жоқ деп айтқан болатын. Парламент Куловтың кандидатурасын өткен аптада да кері қайтарған еді. Кулов пен оның үкіметі 19 желтоқсанда отставкаға кеткен болатын.