Ливан бас министрі тұрақтылық сақтап қалуға уәде айтты

Ливан бас министрі Фуад Синиора елдегі қақтығыстарға қарамастан тұрақтылық сақтап қалуға уәде айтты. "Хизболла" ұйымы бастаған оппозиция кеше бүкіл елде ереуіл өткізді, наразылық шерулері қақтығыстарға ұласты. Үш адам қаза тапты, көптеген адам жарақат алды. "Хизболла" ұйымы ұлттық бірлік үкіметі құрылсын дейді, мұндай үкіметте саяси ықпалының басым болатынына сенімді.