Брюссель қаласында НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайына арналған мәжілісі өтуде

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Ауғанстанда НАТО күштерінің санын ұлғайтып, қайта құру шараларын күшейту жөнінде айтуы мүмкін. Райстың бейсенбі күні айтқанындай, президент Буш АҚШ Конгресінен Ауғанстандағы даму шаралары үшін тағы да қосымша 10 млрд 600 млн доллар қаржы сұрамақ екен.