Жұма күні жарық көрген басылымдар, Қазақстандағы хұқыққорғау қызметкерлерінің арасындағы заңбұзушулықтар туралы мәселе көтеріпті. Сондай-ақ бірқатар газеттер, елдегі банк секторының жай-күйін сөз етеді.
«Республика» апталығы, Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы Берік Имашевтің полиция қызметкерлерінің жұмысына көңілі толмайтынын жазыпты. Өткен жұма күні ішкі істер министрлігіндегі алқа мәжілісінде Имашев, министрліктің есірткімен күрес бөлімінің жұмысы аса нәтижелі емес деп атап көрсеткен. Оның айтуынша, жемқорлық қылмысы үшін айыпталған полиция қызметкерлері тиісті жазасын алмайды. Ал, Бас прокурор Рашид Түсіпбековтың сөзіне қарағанда, тәртіп сақшыларының өздері, азаматтардың хұқының бұзылуына себепші болатын жайттар аз емес. Сондықтан, осы жиын барысында, Түсіпбеков, қандай қылмыспен болсын күресу мақсатында азаматтардың хұқы бұзылуына жол беруге болмайтынын мәлімдеді деп жазады «Республика» басылымы.
Ал «Панорама» апталығының жазуынша, 2006 жылы полиция қызметкерлері 47 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кескен. Бұған қоса, 6 мыңға тарта іздеу салынған қылмыскер құрықталыпты. Сондай-ақ, қылмыстық топтардың 50 ге тарта басшылары жауапқа тартылған. Тәртіп сақшылары арасындағы 37 заңбұзушы анықталған. Олардың 27-сі есірткімен күрес бөлімінің қызметкерлері деп жазады «Панорама» газеті.
«Караван» басылымы, тежегіші ұстамай, адам өліміне себепші болған көлік иесін тергеуші ақтап отырғанын жазыпты. Басылымның дерегінше, Алматы облыстық ішкі істер департаментінің бастығы генерал-майор Бағдат Майкеев те тергеушінің бұл қорытындысын мақұлдапты. Газеттің жазуынша, бұл көлік апаты 2005 жылдың 30-қазанында Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында болған. Онда «Москвич» және «Мерседес» көліктері соқтығысып, «Москвичтегі» төрт жолаушы опат болып, жүргізушісі ауыр жараланған. Сарапшылар бұл апатқа тежегіші ұстамай қарсы бағытқа шығып кеткен «Мерседес» көлігінің жүргізушісі кінәлі деп тауып отыр. Бірақ, Алматы облыстық ішкі істер департаментінің тергеушісі Шакаримов кінәлі адамның жауапкершіліктен қашуына жағдай жасауда деп жазады «Караван» апталығы
Осы орайда, «Экспресс-К» басылымы Павлодар облысы Май ауданының судьясы немқұрайдылығы үшін қызметінен босатылғанын жазыпты. Сондай-ақ, газет дерегінше осы облыстағы Лебяжинск және Май аудандары соттарының басшылары жұмыс орнында алкогольді ішімдіктерге әуестенгені үшін орнынан алынған.
Қазақстандық банк секторы дамуындағы сапалық және сандық көрсеткіштері халықаралық стадарт талабына сай келе бермейді. «Айқын» басылымы, бұл орайда бірнеше дәлелдер келтіреді. Біріншіден коммерциялық банк акционерлері, банк капиталына жеткілікті мөлшерде инвестиция сала алмай отыр. Екіншіден, коммерциялық банк елде тым көп, сондықтан, ұлттық экономика шеңберінде олардың клиенттер нарығы тарылып отыр. Бұған қоса, несиелік портфельдің белгілі бір бағытта дамуы яғни тек ипотекалық және тұтыну несиелерінің жоғарылауы. Бұл тиімсіз. Өйткені, егер несиелік портфелдің сапасы күрт төмендеп кетсе ақшаның құнсыздануы күшейеді деп жазады «Айқын».
Ал, «Панорама» апталығы, 2006 жылы екінші деңгейлі банктер активтерінің өсуінен рекорд жасалғанын жазады. 2005 жылы бұл көрсеткіш 60 пайыз болса, 2006 жылы 95 пайызға жеткен. Алайда, Қазақстан Қаржылық бақылау агенттігінің төрағасы Арман Дунаев, банктердегі активтер мен несиелік портфельдің көбеюіне алаңдаушылық білдіреді деп жазады «Панорама». Өйткені, банктердің халыққа үлестіріп отырған несиесі, олардың сыртқы қарыздарының есебінен. Осыған орай, Қаржылық бақылау агенттігі, екінші деңгейлі банктерге сырттан қарыз алуға қатысты қатаң талаптар қоюды көздеп отыр.