НАТО Косово мәртебесін анықтау жоспарын қолдайды

НАТО одағының мемлекеттері Косовоның мәртебесін анықтау жөнінде ұсынылған Біріккен Ұлттар Ұйымының жоспарына қолдау танытты. Мұны кеше НАТО өкілі Джеймс Аппачурай айтты. Жоспарды кеше Венада өткен "Контакт тобының" мәжілісінде БҰҰ-ның елшісі Мартти Ахтисари ұсынды. Жоспар бұқараға әзірше жарияланған жоқ. БҰҰ-ның елшісі ұсынысын келесі аптада Сербия мен Косовоның ресми өкілдеріне тапсырмақ. Дегенмен, Мартти Ахтисаридің кеңсесі жоспарда Косовоның мәртебесі түпкілікті көрсетілмеген дейді.