Грузияның жікшілдік бағыттағы Оңтүстік Осетия аймағында орын алған атыстан 3 полиция қызметкері жарақат алды. Осетия ресми өкілі Борис Чочиев полиция бекетіне жасалған шабуылды “арандатушылық әрекет” деп атады. Оның айтуынша, жараланған полиция қызметкерлерінің біреуі ауыр халде ауруханаға жеткізілген.