Үкімет басшылығына президент ұсынысын Қырғыз парламенті бүгін мақұлдады

Әзім Исабековты премьер-министр қызметіне тағайындауды қолдап 57 адам, ал қарсы боп 4 депутат дауыс берген. Осылайша, Қырғызстанда бірнеше апталарға созылған саяси дағдарыс шешімін тапқандай. Өз үкіметінің ел экономикасын тұрақтандыруға баса назар аударып, саяси ойындардан тыс болуы тиіс екендігін Исабеков парламентке мәлімдеді.