Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төраға болуына Германия канцлері қолдау білдірді

Дей тұрғанмен бұл тек Қазақстандағы саяси реформалар жалғасты түрде жүзеге асқан жағдайда ғана орындалуы мүмкін, деді Ангела Меркел. Бұл пікірін Меркел ханым Берлинде, Қазақ президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен сөйлесуден кейін айтқан болатын.