CNN телеарнасы Сербияға әуеден көбірек уақыт беретін болды

АҚШ-тың CNN телеарнасы осыған дейін Қазақстан туралы жарнамасына пайдаланылған музыканы, Сербияның туризмі жөніндегі жарнамаға қайта қолданғанын мойындады. Сөйтіп Сербияға оның өтемі ретінде әуеден көбірек уақыт беруге келісті. Бұл туралы Сербияның “Блиц” газеті хабарлады.