Мәскеу соты 2004-жылы Ресей астанасында, метродағы терактыны ұйымдастырды деген айыппен Панарин, Хубиев және Шаваев деген 3 азаматты өмірбақи мерзімге бас бостандығынан айырды. Осыдан 3 жыл бұрын метродағы 2 лаңкестік шабуыл кезінде 49 кісі құрбан болып, 300-дей адам жарақат алған еді. Сот айыпталушылардан, сондай-ақ, төлемақы ретінде 6 млн рубль өндіріп алуға үкім еткен.