Бангладеште бұрын жоғары лауазымда болған 10 адам тұтқындалды

Бангладештен келіп түскен хабарларға қарағанда, елдің қауіпсіздік күштері бұрынғы министр мен саясаткер болған 10-нан аса адамды қамауға алған. Бірнеше аптаға жалғасқан наразылық шараларынан кейін Бангладеште қаңтардың 11-і күні төтенше жағдай жарияланған болатын. Ал қаңтар айына белгіленген ұлттық сайлаулар кейінге қалдырылған-тұғын.