АҚШ мемлекеттік хатшысының экономика мен энергетика және бизнес мәселелері бойынша көмекшісі Даниель Салливан бүгін Қазақстан астанасы Астанаға келді. АҚШ өкілі екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жөнінде, атап айтқанда, мұнай мен газ экспорттарының жаңа жолдары туралы келіссөз өткізіп, кейін Әзірбайжан, Түркия және Грузия елдеріне барады деп жоспарланған.