Оппозициялық депутат Темір Сариев өзіне ұсынылған Қырғызстанның экономикалық дамулар және сауда министрі қызметін қабылдамады. Сариев өзінің үкімет мүшесі бола алмайтынын айтып, сын айтуды жалғастыра беретінін алға тартқан. «Азаттық» радиосының Қырғыз қызметіне берген сұхбатында ол, өзінің үкімет құрамына енуі ешқандай нәтиже бермеуі мүмкін деген. Жаңа премьер министрі Азим Исабеков кабиент жасақтауға кіріскен. Бүгін кешке сыртқы істер министріне кімді ұсынатыны туралы хабарлайтын болады.