Ресей президенті әлемге өз дегенін жасатқысы келеді деп Батысты сынады

Бүгін Ресей президент Владимир Путин Құрама Штаттар мен Батыс елдері әлемді өз дегенімен жүргізуге тырысуда деп айыптады. Ол бұл сыни сөзін Мюнхендегі Қауіпсіздік Саясатының 43-ші конференциясында айтты. Ол сонымен қатар, АҚШ негізінен ғаламдық қауіпті жағдай тудырып, халықаралық байланыстарға әскери күшін екпінді қолданып келеді деді.