Брюссельдегі кездесуде ол ұйым Ахтисаари жоспарына мықты қолдау жасайтындығын жарияламақшы. Ол жоспар бойынша Косовоға өзін-өзі басқару хұқы, жеке Конституциясын, әнұранын және туын белгілеу ұсынылуда. Алайда, жоспарда бұл провинцияның Сербиядан толықтай бөлінуі айтылмаған.