Қырғызстанда оппозициялық басылым редакциясы өртенді

БІШКЕК: Бүгін түнде қырғыз оппозициясының “Қырғыз рухы” газетінің редакциясынан өрт шықты. Өрттің салдарынан кеңседегі жабдықтардың бір бөлігіне зиян тиген. Газеттің бас редакторы Болотбек Таштанәлиевтің хабарлауынша, өрттің неден шыққаны белгісіз.