АШХАБАД: Ресми биліктің мәлімдеуінше, Түркіменстанда кеше болып өткен президент сайлауында ресми тіркелген барлық сайлаушының 98 пайыздан астамы дауыс берді. Алайда, сайлаушылардың дауыс беруге соншалықты белсенді түрде қатысқанын “Азаттық” радиосының Түркіменстандағы тілшілері жоққа шығарады. Соңғы 15 жыл ішіндегі алғашқы президент сайлауына Түркіменстан тарихында тұңғыш рет бірден 6 үміткер түсті. С.Ниязовтың қайтыс болуынан кейін президент міндетін атқаруға кіріскен экс-вице-премьер Гурбангулы Бердімұхаммедов сайлауда жеңіске жетті деп жариялануға тиіс.