Германия төрағалығындағы Еуропа Одағы 28-ші наурызда Орталық Азияға арналған алғашқы стратегиялық жобасын бастамақшы. Ол жоба Астана қаласында Орталық Азияның бес мемлекетінің сыртқы істер министрлеріне таныстырылады. Одан кейін ол стратегиялық жоба соңғы мақұлдаудан өту үшін Еуро Одақтың маусым айындағы саммитінде қаралатын болады. Бұл жайында Еуро Одақ ресмилерінің сейсенбі күні Брюссельде Қазақстан және Қырғызстанмен жылдық кездесуі барысында айтылған.