Сербия парламенті Косова қарары бойынша бір келісімге келмекші

Бүгін Сербияның жаңа парламенті отырыс өткізеді деп жоспарланып, онда Косово провинциясының келешегі туралы мәселе күн тәртібіне қойылған. Заңшығарушылар БҰҰ-ның Косово мәртебесі бойынша жаңа ұсынысын қайтару жөнінде қарар қабылдамақшы. Сербия жетекшілері ол ұсыныс Сербияның біртұтастығына нұқсан келтіріп, этникалық албандардың тәуелсіздік алуына әкеледі деп отыр.