Х.Қарзай Исламабадқа деген сын көзқарасын өзгертті

ЛОНДОН: Ауғанстан президенті Хамид Қарзай терроризмге қарсы күресте Пәкістанның Кабулмен арадағы ынтымақтастығына өзінің көңілі толатынын мәлімдеді. Мұндай пікірін ауған лидері кеше Лондонда Ұлыбритания премьер-министрі Т.Блэрмен өткізген келіссөзінен кейін білдірді. Осыған дейін Х.Қарзай ресми Исламабадты тәліптерге қарсы жөнді күреспейді деп айыптап келген болатын.