Бұл шешімді Джордж Буштың өз республикашылар партиясынан 17 конгрессмен қолдап, нәтижесінде 246 заңшығарушы Ирақтағы қазіргі стратегияға қарсы дауыс берген. Буш саясатын қолдағандар – 182. Бұл шешім Бушты өзге шешімге мәжбүрлей алмағанымен, демократтардың бұл шарасы АҚШ күштерін Ирақтан кері қайтаруға септігін тигізер деген үміт бар.