Тұтқындалған Аннадурды Хажиевтің жұбайы “Азаттық” радиосының түркімен қызметіне берген сұхбатында сот шешіміне байланысты апелляциялық шағым түсіруге екі күн берілді деп мәлімдеді. Хажиев - қуғындағы “Уатан” партиясының мүшесі әрі өткен жылы Түркіменстан түрмесінде қайтыс болған журналист Огулсапар Мұрадованың бауыры. Болгария полициясы Хажиевті Интерполдан мәлімет түскеннен кейін дүйсенбі күні Варна қаласында тұтқындаған болатын.