Бүгін Ауғаныстанда сапармен жүрген Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ауған жетекшілерімен оның ішінде президент Хамид Қарзай, сыртқы істер министрімен келіссөздер өткізуде. Және Сергей Лавров Қабул қаласындағы ғимараты қайта жөндеуден өткен Ресей елшілігі кешеніннің ашылу салтанатына қатысты. 1989 жылы Совет әскері Ауғаныстаннан шығарылғанда талқандалған соң, елшілік ғимаратына 2002 жылдан бері қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан.