Қабул қаласында мыңдаған бұрынғы моджахед рахымшылық заңын қолдап шеру өткізді

Бүгін Ауған астанасы Қабул қаласының стадионына жиналған мыңдаған бұрынғы моджахед рахымшылық заңына қолдау танытқан шеру өткізді. Хабарларға қарағанда, ол жерге жиналғандар саны 25 мыңға жеткен. Шерушілер 1980 жылдары Совет әскерімен күрескен моджахедтерге кешірім жасайтын заңды қолдайтындықтарын танытты. Бұл заң жобасы парламенттің екі палатасында мақұлданып, енді Ауған президентінің қол қоюын күтіп жатыр.