Украина қауіпсіздік қызметі басшысының міндетін атқарушы Наливайченконың айтуынша, Қырым сапары кезінде Мәскеу әкімі Лужковтың айтқан өз сөзіне байланысты ол Украина халқының қатты наразылығына кездеспек. Ақпанның 21-күні Севастопольда болғанда Юрий Лужков Қырымдағы орыстарға қолдау көрсететіндігін айтып, Украинаның НАТО-мен өзара ынтымақтастығына қарсы тұрған оларға рахмет айтқан. Сондай-ақ, Лужков 1954 жылы Қырымды Украинаға беріп қойды деп, сол кездегі советтік жетекші Хрущевты айыптаған.