Бүгін мыңдаған ирақтық шийт өздерінің ең белді саясаткерлерінің бірі Абдел Азиз әл Хакимнің баласының қамалуына наразылық танытып шеру өткізді. Амар әл Хакимді жұма күні Иранмен шекарадағы тексеру барысында АҚШ күштері қамауға алған болатын. Оның әкесі Абдел Азиз Ирақ премьер-министрі Нури әл Мәликидің ұлттық бірлік кабинетіндегі ірі партиялардың бірі - Ирақтағы Ислам Революциясы Жоғары Кеңесінің басшысы.