Ирақтағы бірқатар қалалардағы шииттер өздерінің беделді жетекшілерінің бірі Абдел Азиз ал-Хакимнің ұлы бірнеше сағат бойы АҚШ күштерінің тұтқынында болғандығына байланысты наразылық білдірді. Президент Талабани әл-Хакимді ұстаған әскерилер тиісті жауабын беруі керек десе, АҚШ елшісі Халилзат ол жағдайдың себебін білмегендігі үшін кешірім өтінген.