Беларусь оппозициясының бес лидері Вашингтонға келді

Бір аптаға созылатын сапары барысында олар АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілдерімен және Конгресс мүшелерімен кездеспекші. Алайда оппозиция лидері Александр Милинкевич оппозициялық бағыттағы қозғалыстардың ішінде теке-тірес бар деп, бұл делегацияға қосылудан бас тартты. Милинкевич, сондай-ақ, аталған делегацияны “құрамына азаматтық топтардың өкілдерін енгізбеді” деп айыптады.