ИСЛАМАБАД: Бүгін Исламабадта Пәкістан президенті П.Мушарраф пен Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Маргарет Бекетт ханым Ауғанстандағы ахуалды талқылау үстінде. Осы келіссөздің барысында ресми Лондон Исламабадтан тәліптердің Пәкістан жерінен Ауғанстанға қарай өтуіне бөгет қоюға көп күш жұмсауын талап етуге тиіс. Одан бұрын Маргарет ханым Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд өлкесіне Ұлыбританияның қосымша әскерін аттандыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.