Ирақтың вице-президентіне қарсы қастандық жасалды

БАҒДАД: Бүгін Ирақтың вице-президенті Әділ Абдиль Меһди Бағдадтағы қоғамдық жұмыстар министрлігіне барған кезінде бомба жарылды. Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, вице-президенттің өзі аман қалды, бірақ басқа кем дегенде 4 адам құрбан болды. Кеше Бағдадтағы университет қалашығында жанкешті-террорист жүзеге асырған жарылыстан кем дегенде 40 адам қаза тапқан болатын.