Америка Құрама Штаттары мен Ирақ осы елде тұрақтылық орнату мәселесі жайындағы конференцияларға Иран мен Сирияны шақырып отыр. Бұл жайында сейсенбі күні АҚШ Сенатының комитетінде сыртқы істер министрі Кондолиза Райс мәлімдеді. Конференциялар наурыз және сәуір айларында өткізілмек. Кондолиза Райс Ирақ үкіметі аймақтық конференцияларға барлық көршілерін, Иран мен Сирияны да шақырып отыр деді. Конференцияларға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты мүшелерінің жоғары өкілдері де қатыспақ.