Еуропа парламентінде бүгін Өзбекстандағы адам құқықтарын қорғаушылардың қудаланатыны қаралмақ

Вена қаласында орналасқан "Адам құқықтары жайындағы Халықаралық Хельсинки федерациясы" кеше осы мәселе жайында баяндама жариялады. Онда Өзбекстандағы белсенділер қорқытып-үркітуге тап болады, олардың артынан бақылау қойылады, сөз таратылады деліндеді. Сол сияқты, Өзбекстанда адам құқықтарын қорғаушылар түрмеге қамалады, азапталады делінеді. Ұйым өкілдері деректерді өздері елге барып, зерттеп тапқан.