КАБУЛ: Бүгін Кабулда АҚШ-тың вице-президенті Д.Чейни мен ауған президенті Х.Қарзайдың келіссөзі басталды. Оның жай-жапсары жөнінде әзірше еш мәлімет жоқ. Д.Чейни мен Х.Қарзай дүйсенбі күні бас қосуға тиіс болатын, бірақ ауа райының бұзылуына байланысты кейінге ысырылды. АҚШ-тың вице-президенті Ауғанстанға көрші Пәкістаннан ұшып келді. Исламабадта Д.Чейни президент П.Мушаррафты тәліптер мен “Әл-Қаида” күштеріне қарсы күресін күшейтуге шақырды.