Ирақ қауіпсіздігіне арналған жоғары дәрежедегі халықаралық конференцияға Иран қатыспақшы

Ирақ проблемасын шешуге қажетті көмектің бәрін де Иран жасайды деді Иран Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Ларижани. Ирақта тұрақтылық орнатуға байланысты Иран мен Сирияны кеңесуге шақыру үшін АҚШ пен Ирақтың бастама көтеріп отырғандығын АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолеза Райс айтқан болатын.