БҰҰ осы жылы 250 мың ауғандық үйлеріне қайта алады деді

БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, осы жылы көрші Иран мен Пәкістаннан 250 мың ауған босқыны елдеріне орала алады. Аталмыш агенттіктің дерегіне қарағанда, әлі де 915 мың ауған Иранда, 2 млн-нан аса ауған Пәкістанда тұрып жатыр. 2002 жылдан бері 3 млн 700 мың ауған көрші елдерден Ауғаныстанға оралған.