Чешенстанда Грузияның бұрынғы президенті Звиад Гамсахурдияның зираты табылды, табыты да ашылды деп хабарланды. Гамсахурдия Грузияны Совет Одағы құлдыраған соң басқарған алғашқы президент. Гамсахурдия 1992 жылдың басында ығыстырылған, Чешенстанға қашқан, 1993 жылы билікке оралуға әрекет жасаған, бірақ бұдан түк шықпаған. 1993 жылы жұмбақ жағдайда қаза тапқан Гамсахурдия Чешенстанда жасырын жерленген болатын.