АҚШ жауынгерлері тәліптерден қорғанамын деп, бейбіт халықты қырып алды

ЖАЛАЛАБАД: Ауғанстанның шығысындағы Жалалабад қаласында тәліптер АҚШ-тың әскери керуеніне тасадан шабуыл жасап, одан 8 жергілікті бейбіт тұрғын қаза болып, 35-сі жараланды. Алдымен әскери керуенге бомба орнатылған автокөлік келіп соқтығып, оның ізінше АҚШ жауынгерлеріне тасадан оқ жаудырылды. Одан бұрын АҚШ армиясы осы қақтығыста 16 адамның қаза болғанын мәлімдеген болатын. Енді олардың неге 8-ге дейін азайғанын түсіндірмеді. Жалалабад қаласының маңында болған осы қырғынға жергілікті халық жаппай наразылыққа жиналды.