Құрама Штаттардың федералдық және жергілікті хұқық қорғау ұйымының ресми өкілдері Ресей бойынша барлау агенттігі сарапшысына жасалған қарулы қастандықтың себебін зерттеуде. Паул Жойалды екі адам оның Уашингтон шетіндегі үйінің жанында, наурыздың 1-і күні атып кеткен болатын. Жойал аман қалды, алайда ауыр жадайда аруханада жатыр. Осыдан бірнеше күн бұрын ол телесұхбатында Александр Литвиненконың өліміне Ресей президенті Владимир Путин үкіметінің қатысы бар, деген еді.