Ирақтың қауіпсіздік қызметі өзінің штаб-пәтерінде 30-ға жуық тұтқынды қинаған

БАҒДАД: Бағдадтың орталығында болған жарылыс құрбандарының саны арта түсті. Базардағы бомба орнатылған автокөліктің жарылысынан, соңғы мәлімет бойынша, кем дегенде 26 адам құрбан болып, 50-ден көп кісі жараланды. Онымен қарама-қатар Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәлики британ әскері мен Ирақ армиясының 4-інші наурыз күні Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Әл-Басра қаласындағы штаб-пәтерінде жүргізген тінту операциясын өткір сынға алды. Хабарға қарағанда, штаб-пәтерден денелерінде қорлық-зорлықтың іздері бар 30-ға жуық тұтқын табылған. Түрмеде, сондай-ақ, әйелдер мен 2 сәби отырған болып шықты. Әл-Мәлики бұл операцияны “заңсыз” деп бағалады.